Күні: 27.02.20 ж |
Сынып: 10 В Teacher’s Name: Bakuova Zhazira |
|||
Сабақтағы оқушылар саны: Number of pupils in class: |
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: Number of students not attending the classes: |
|||
Сабақтың тақырыбы Theme of the lesson |
Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқынөткізгіштік.
|
|||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: The purpose of the basis of this lesson |
10.4.3.1 – металдардағы электр тогын сипаттау және кедергінің температураға тәуелділігін талдау; 10.4.3.2 –жоғары температурадағы асқынөткізгішті материалдарды алудың жолдарын талқылау .
|
|||
Сабақ мақсаттары: Objectives of the lesson |
Металдардағы электр тогының табиғатын анықтайды және асқынөткізгіштік ұғымын сипаттайды |
|||
Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділік формуласын сипаттайды. |
||||
Жоғарғы температурадағы асқынөткізгіш заттарды алу перспективаларын талқылайды.
|
||||
Ойлау дағдыларының деңгейі The level thinking skills |
Білу, түсіну, қолдану, талдау Knowledge, understanding, application, analysis
|
|||
Бағалау критерийі Expected result: |
Ø Металдардағы электр тогын сипаттай алады және кедергінің температураға тәуелділігін сараптай алады. Ø Металдардағы электр кедергісінің температураға тәелділік формуласын сипаттай алады. Ø Жоғары температурадағы асқынөткізгіш заттарды алу перспективаларын талқылай алады. |
|||
Тілдік мақсаттар Language Goals |
Пәнге қатысты лексика мен терминология: еркін электрондар, өткізгіштер сымдар, асқын өткізгіштік, температура, электр тогы, электр кедергісітәуелділік, графиктер Диалогқа, жазылымға қажетті тіркестер: Металдар – электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Асқын өткізгіштік деп таза металдардың (мырыштың, алюминийдің, қалайының, сынаптың) және бірқатар қоспалардың кедергісінің абсолют нолге жақын температурада кенет нөлге дейін төмендеу құбылысы. Талқылауға арналған сұрақтар: — Электр тогы кемігенде неге электр кедергісі артады? — Электр кедергісі температураға неліктен тәуелді?
|
|||
Құндылықтарға баулу inculcate values |
Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылықтарына баулу асқын өткізгіштік құбылысын өмірде қолдану жолдарын іздеу арқылы іске асырылады. |
|||
Пәнаралық байланыс |
Химия — еркін электрондарының тасымалдануы . Информатика — АКТ –ныңқолданылуы. Геометрия-графиктердіқолданады. |
|||
Бастапқы білім |
Тұрақты электр тогы тарауы. |
|||
Жоспар |
||||
Жоспарлан ған мерзім |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 3 минут
|
І.Ұйымдастыру кезеңі. Good morning students. Let’s start the Lesson.І ‘m glad to see you’re ready to work. Жұмысқа дайын екендеріңізді көргеніме қуаныштымын. Бүгінгі сабағымызды Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арнаймыз. Олай болса балалар Абай атамызды биз қалай танимыз? (Оқушылар өз ойларыни айтады.) Олай болса, сабағымыздың әр бөліміндегі орындалатын тапсырмалар Абай атамыздың айткан сөздерінен немесе өлең жолдарынан тұрады. Оқушыларды А.Құнанбаевтың адамның 3қасиеті: 1.Ыстық қайрат 2.Нұрлы ақыл 3.Жылы жүрек арқылы 3 топқа бөлеміз. «Тұрақты электр тогы» бөлімі бойынша тарауды қайталау Үй тапсырмасын «Оқыған білер әр сөзді» топтық жұмыс арқылы әр топқа тапсырмалар беріледі.
|
Топқа бөлуге арналған суреттер
|
||
Сабақтың ортасы
(5 мин)
Білу, түсіну
(5 мин)
Білу, түсіну, қолдану Knowledge, understanding, application,
(Оқылым, айтылым)
(Тыңдалым, жазылым)
(15 мин)
Қолдану, талдау
(Көрсетілім дағдысы)
5 минут
5 минут |
«Миға шабуыл» әдісінде 3сұрақ, 1 формула арқылы жаңа тақырыпты ашу. А. Құнанбаев – ағартушы, зертеуші, аудармашы болған. Олай болса 3 топқа тапсырма беріледі. 1.Зерттеуші — Металдардағы электр тогының табиғаты. Э.Рикке тәжірибесі. 2.Ағартушы — Металдардың меншікті кедергісінің температураға тәуелділігі 3. Аудармашы — Асқын өткізгіштік.
Дескриптор: — металдардағы электр тогының табиғатын түсінеді.- металл жақсы өткізгіш екенін қасиеттеріне қарай ажыратады. — асқынөткізгіштік ұғымын біледі. Бағалаудың бұл түрінде оқушының сабаққа белсенділігін арттырамын және оқушы қажеттілігіне қарай ауызша кері байланыс беремін. 1-топ «Металдар» Тапсырма: Металдардағы электркедергісінің температураға тәуелділік формуласымен графигін салып көрсет. Металдың кедергісі температураның өзгерісіне, яғни еркін электрондардың қозғалыс температурасына тәуелді екенін айтып, формуласын жазып, графигін сызып көрсетеді. — температуралық коэффициент 2-топ «Меншікті кедергі» Тапсырма: Металл қызғанда меншікті кедергінің температураға тәуелділік графигі мен формуласын көрсет. Металл қызғанда оның геометриялық өлшемі өзгермейді деп есептесек, оның меншікті кедергісінің температураға тәуелділігі мына графикте осы формуламен орындалады: 3-топ «Асқын өткізгіштік» Тапсырма: Асқын өткізгіштік құбылысының пайдасы мен артықшылығын түсіндір. 1911 жылы Голландиялық физик Х. Каммерлинг Оннес асқын өткізгіштік құбылысын ашты. Кейбір металдар асқын өткізгіштік қасиетке ие. Егер осындай металдан сақина жасап, ток тудырса, ток осы сақинада ұзақ уақыт жүреді. Қазіргі таңда Күннің магнит өрісінен он мың есе күшті магнит өрісін беретін өте қуатты асқын өткізгішті электрмагниттер жасалған
Дескриптор: — металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігін түсінеді. — металдағы кедергінің графигін сызып, формуласын жаза алады. —
Тапсырма №3 Металл өткізгіш тетемператураның өзгеруімен өткізгіштің кедергісі өзгеретінін тәжірибеде көз жеткізіп, түсіндіріңдер. Тәжірибе барысы: 1. Аккумуляторға болат спираль жалғап, оны оттың жалынына ұстасақ, тізбекке қосылған амперметр ток күшінің төмендегенін көрсетеді. 2. Басқа металдан жасалған өткізгішпен ауыстыра отырып, қыздырған кезде барлық металдардың кедергісі артып, ток кемиді. Демек, температураның өзгеруімен электр кедергісі де өзгеретіндігіне оқушы көз жеткізеді. 1. Аккумуляторға болат спиральды және амперметрді қалай жалғайды? 2. Өткізгіштегітоккүшінеліктентөмендеп, кедергісіартады? . Электр кедергісі неге тәуелдіболады? . Дескриптор: — тізбекке құралдарды жинап, құрастырады.. — электр кедергісі температураға тәуелді екенін біледі.
Жұптық жұмыс. «Қолданамыз!, Талдаймыз! Есептейміз!»
Жеке жұмыс . Оқулықпен жұмыс 41 –жаттығу №1,2,3 есептер шығару
|
АКТ бейнеро лик
АКТ сұрақтар мен суреттер көрсетіледі
Үлестірмелі кеспе қағаздары
График, формула сызуға, маркер лер
|
||
Сабақтың Соңы 2 мин
|
Абайды оқиық – тәрбие аламыз, Оқушылар өз іс- әрекеттерін бағалайды.
Үйге тапсырма: 41 –жаттығу . №4,5,6 . Металдардағы электр тогы. Асқынөткізгіштік . Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру. Кері байланысына рефлексия жасаймын. «Бес саусақ» әдісі арқылы.
|
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Оқушылар өз ойларын еркін жеткізу мақсатында өтілетін жаңа сабақты өткен сабақтардан сұрақтар қою арқылы ашып, ары қарай жаңа сабақты түсіндірлуін әр топқа бөліп беремін. «Оқыған білер әр сөзді. Жұптық жұмыс. (қазақша, ағылшынша) Топтағы оқушылар кітаппен жұмыс жасау арқылы толық мағлұматты постер арқылы қорғайды. Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша деңгейлік есептер беріледі. |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Сабақтың басында бағалау парағы таныстырылып өтіледі, топтарға таратылады, сол бағалау парағымен әр оқушы өзін бағалап отырады. Сабақ соңында слайдтан процентімен бағалау шығады, сонымен бала алған балын бағалай алады. |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Оқушылар партада отырғанда, топтық, жұптық жұмыс жасау кезінде олардың орындарының қауіпсіздігі тексеріледі. |
||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
||||