Маңғыстаудың киелі жерлері

Сәлеметсіздерме балалар. Қош келдіңіздер. Бүгін біз сіздерге Маңғыстаудың киелі және тарихи жерлерімен қысқа да нұсқа таныстырамыз. Қәне бәріміз орындарымзға жайғасамыз. Қәне сіздерге жалпы Маңғыстау туралы түсіндіріп өтейін. Маңғыстау Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Өлкемізге Маңғышылақ жарты аралы және Үстіріт жазығының оңтүстік батыс бөлігі кіреді. Маңғыстау облысының жер бедері сан алуан. Оған жазық жерлер Үстіріт жазығы, Бозашы түбегі, таулы жерлерден құралады. Сонымен қатар Маңғыстауда көптеген тарихи жерлер өте көп. Сол жерлердің бірі Шерқала, Отпан тау-Адай ата кесенесі, Шақпақ ата жер асты-мешіті, Бекет ата мешіті, Қарақия ойпаты. Осы жерлермен танысамыз. Алдымен алдарңыздағы интерктивный тақтаға назар аударамыз. Мұқият тыңдаймыз.

Шерқала

Ақтау қаласынан 150 шақырым қашықтықта, Қаратау  тізбегінің батыс бөктерінде Самал шатқалы бар. Оған жақын жерде Шерқала тауы орналасқан. Маңғыстаудағы көптеген шатқалдардың бұлақтары суға толып, кейде сарқырамаға айналады. Жазда олардың дені құрғап қалады, алайда Самал шатқалындағы бұлақтар жыл он екі ай бойы тоқтаған емес. Шатқалда долана, тікенді бұта, қамыс, көптеген дәрілік өсімдіктер өседі. Сырттай қарған адам оны әр нәрсеге ұқсатып жүр. Кейбіреулері төңкерулі кесеге ұқсатса, енді біреулер таудан кәдімгі киіз үйдің бейнесін көреді. Шерқала жайындағы аңыздардың бірінде, ертеректе қаптаған жаулардан бір топ айбынды жауынгерлер қорған еткен деген делінеді. Тауды қорғаушылардың қалғаны тау ішіндегі жерасты жолдарына тығылып, сол жерде мәңгі қалып қойыпты. Осындай батырлық пен тәуелсіздіктің тірегі-Жолбарыс қала немесе Шерқала деген атаумен осылай пайда болған. Екінші бір аңыздарда, түрікмендер мен ноғайлылар арасында үлкен соғыс болған екен. Жаудан жеңіліп, шегінуге таяған мәжбүр болған түрікмендер Шерқаланың басын паналаған. Жаулар не азығы жоқ, не суы жоқ, бәрібір төмен түседі деген оймен тау етегін торуылдап жата беріпті. Қанша уақыт өтседе түрікмендер төмен түспепті. Оған таңданған ноғайлылар тау басына тыңшы жіберепті, мәселені анықтаса, түрікмендер сонау төбеден құдық қазып, қауға салып, су ішіп күнелтіп отырған көрінеді. Мән жайды білген соң ноғайлылар тау түбінен терең үңгір қазып, құдықты тауып, оған түскен қауғаның жібін кесіп тастай берген. Ақыры сусыз қаталаған түрікмендер ақыры азаптан қырылыпты. Содан бері бұл тау шерлі қала немесе Шерқала атанған екен.

 

Отпан тау Адай Ата-кесенесі.

 

Маңғыстау жерніде орналасқан Батыс Қаратаудың ең биік шыңы 530 метрге жетеді. Оны Отпан тауы деп атайды. Таудың басынан төменге көз тастасаң, бұлттармен сыр шертіскен Бес шоқыны, қазақтың дархан даласын, жоталар мен қыраттарды, сарылдап ағып, күннің көзімен шағылысып жатқанбұлақтарды, шеті көрінбейтін теңізді, алыстан сағымдайтын Ақтау қаласын, жайылып жүрген төрт түлікті көруге болады. Мұндағы тарихи-мәдени кешендердің ең бастысы, Адай атамыздың ордасы болған – Ақсарай кешені. Бұл жер атаның 8 немересіне арналып, сегіз бөлме етіп салынған екен. Отпан тау тарихи-мәдени кешеніне-күмбезі көк тіреген Адай ата кесенесі, «Ана келбеті» стеллассы, «Ұран оты» алаңы, «Көк бөрі» ескерткіші, Ақсарай орталығы, «Қара шаңырақ» ғимараты, қазақтың «үш биінің» стелласы және болашақта бой көтеретін қазақ батырларының құрметіне орнатылатын даңқ аллеясы жатады. Бір ерекшелігі-төмендегі «Ақсарай» орталығынанАдай ата кесенесіне жету үшін 362 баспалдақты өту керек. Бұл 362 әулиенің рухына арналған 362 баспалдақ. Адай ата кесенесі орналасқан биік шоқының басында қазақтың батыры, жорық жыршысы Қалнияз Шопықұлының мазараты орналасқан. Ел басына күн туғанда адайлардың бас қосатын жерлері болған, одан ертеректе жаудың келе жатқандығын білдіретін алау оты жанатын тұғыр болған. Отпан тауда жылда Маңғыстаудың жер-жерінен келіп, Амал мерекесі тойланады.

Шақпақ ата жер асты мешіті | Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші ...

   Шақпақ Ата — жер асты мешіті-Шақпақ ата жер асты мешіті-ескілікті сәулет өнерінің ескерткіші. Түпқараған ауданы Таушық ауылынан 20 км қашықтықта, Капий теңізінің СарытасҚошақ шығанағына жақын Оңғазы тауының етегінде орналасқан. Мешіттің ішкі бөлмелері орталық зал арқылышаңбақ үлгісінде орналасады, солтүстік, оңтүстік, шығыс және батысқа қарай бағытталып салынған.Мешіттің шығысындағы кіреберісі ұш бұрышты арка іспетті; арканың сыртқы босағасының екі жағын тастан қашалған қабірханалар алып жатыр. Есіктен кіргеннен кейін зал, төртбұрышында қабырғадан қашалған төрт ұстын бар. Ұстандар арасына арка тәрізді маңдайша қашалған. Күмбезді төбесінен диам.1,2 м, биіктігі 5 мойық тесілген. Кіреберіс қапталмен қабырғаларында араб әрпімен жазылған адам аттар, құран сүрелері, сопылық өлең мәтіндері, адамның қолы, ат өгіздің сұлбалары бейнеленген. Мешіттің батыс жағында Шақпақ атаның атымен аталатын қорым бар. Мұнда адай тайпасының бірқатар белгілі адамдары жерленген. Шақпақ ата қорымында Бектеміс Ержан хазіреттің кесенесі де (20 ғ) салынған. Жер асты мешіті 1928 жылы республикалық дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынды.

 

Бекет Ата жер асты-мешіті.

Бекет ата мешіті: қалай бардық, не көрдік?! » “Керек.info ...

Бекет ата жер асты-мешіті Оңтүстік үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші. Үш-төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жзинаған соғ, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жер асты мешітіндегі бөлмелердің біріне қашап орналыстырылған. Маңғыстау обылысындағы Үстіртте орналасқан Бекет Ата жер асты мешітіне арнайы зиярат етушілер көп. Кей аңыздарға қарағанда қорым, Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті Шопан Ата салдырған жер асты мешітінің төңірегіне салынған. Маңғыстау жер асты мешіті сияқты мешіттер өте аз, осы мешіт өзінің түрімен басқа мешіттерге қарағанда ерекшеленеді.

 

 

 

 

 

 Қарақия ойпаты.

Тайна земной бездны: Карагие | Sauap.org

Қарақия ойпатының тереңдігі 132 метрді құрайды. Ал ұзындығы болса 50 шақырымға жетеді. Қарақия ойпаты, ол теңіз деңгейінен 132 метр төменде жатыр. Бұл ойпат тереңдігі жөнінен дүние жүзінде 3 ші орынды алады.   Бұл ойпат Үстірт шоқысының бір бөлігі, ал сілемелері неоген шөгінділерінен тұрады. Қарақия төбесінен айналаны тамашалауға зор мүмкіндік бар. «Қарақия» сөзі «қараңның араны» деген мағынаны береді екен. Ойпат бұрынғы жылдары Каспий теңізінің бір бөлігі болғандықтан, теңіз толқындары Қарақия шығанағына шығыпты. Сондай ақ ойпаттың солтүстік шығысында тарихи ескерткіштер, ежелгі адамдардың қоныстанған мекені болған екен.

 

 

Осымен балалар бүгінігі біздің «Маңғыстаудыңкиелі жерлері» атты шағын сабағымыз бітті. Балалар назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет.

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Ст.Ералы ауылы

«Нұршуақ» балабақшасы.

Шәмшиева Ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *