«Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісінен сахналық қойылымы

Тәрбиеші:   Абдраманова Күляйм Жақсылыққызы

 

 

                  «Жас зияткерлер» ересек  тобының  

        «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісінен

                              сахналық қойылымы.

 

 

                                                   

                                                 2020-2021 оқу жылы

10.02.2020 жыл.  

 Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау.

Мақсаты: 1. Білімділік: Балалардың ертегіні сахналаудағы

білімдерін кеңейту.

  1. Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қабілетін, ойын

дамыту.

  1. Тәрбиелік: Балаларды бір-біріне деген достыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: ойын арқылы сахналау.

Көрнекі-құралдар: киімдер, бет-бейне, суреттер, ойыншықтар,кейіпкерлердің киімдері.

Іс-әрекет

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мативациялық қозғаушылық

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

Релаксация

 

 

 

Қайталау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивтік түзетушілік

 

 

 

Ертегіні хабарлаушы.

Автор: Мақта қыз бен мысық дос болады.

Әдемі-ай-Мақтақыз: Сәлеметсіңдерме,балалар!Менің атым Әдемі-ай,бәрі еркелетіп Мақта қыз деп атайды.Менің кішкене досым бар оның аты Муся.Әр сенбі мен өзімнің көрпемді жинаймын.Еденді сыпырамын.Шаңды сүртемін.

-Уф,шаршадым.

-Муся,муся қайдасың маған көмектесші.

-Ол қайда жүр.

-Муся,муся.

Сәлеметсіңдерме,менің атым Муся,мен жұмсақпын,әдемімін.Менің әдемі бантигім бар.

Мақта қыз: -Муся сен қайда болдың?Маған көмектесші.Мен үй жинап жүріп миіз тауып алдым.Сен келмеген соң мейізді өзім жеп қойдым.Сен мейізді жақсы көресің ба?

Мысық: Мен сүтті жақсы көремін.Маған мейіз бермедің,сүтіңді төгіп тастаймын.

Мақта қыз: Одан мен сенің әдемі бантигіңді жұлып аламын.Сүтімді әкеліп бер.

Мысық: Сүтті қайдан табам.

 

Мысық сиырға барады.

-Сиыр, сиыр, маған сүт берші! – дейді.

Сиыр: менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші, — дейді.

Мысық ағашқа барып:

Ағаш, ағаш, жапырығыңды берші! – дейді.

Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, — дейді ағаш.

Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.

Қыздар, қыздар, маған су беріңдерші! – дейді. Қыздар оған:

Бізге кәмпит әкеліп берсең, біз саған су береміз, — дейді.

Мысық дүкенге барады.

Әй, дүкенші, маған кәмпит берші! – дейді.

Маған жұмыртқа бер! – дейді дүкенші.

Мысық тауыққа барады.

Тауық, тауық, маған жұмырқа берші! – дейді.

Бізге жем әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, — дейді.

Мысық: «Енді қайттім?» — деп бара жатса, бір тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.

-Жаныңның барында айт, үйіңде не бар? – дейді Тышқан қорыққанынан:

Үйімде бір табақ бидай бар, — дейді.

Маған бір табақ бидайыңды әкеліп бер! – дейді мысық.

Тышқан үйіне барып, бір табақ бидай  әкеліп береді.

Мысық бидайды тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді, жұмыртқаны дүкеншіге береді. Дүкенші кәмпит береді, кәмпитті қыздарға береді, қыздар су береді, суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырағын береді. Жапырақты сиырға береді. Сиыр сүтін  береді.Сүтті апарып Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың бантигін  қайтарып береді.

Мақта қыз: -Кел бәріміз дос болайық!

Ертегі қойылымын ойнаған балалар билейді.

Омарова  Марфуға: Сәлеметсіздерме,құрметті қонақтар, «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің қойылымын тамашалауға шақырамыз.

 

 

 

Мақта қыз-Дулатқызы Әдемі-ай.

Мысық-Амандық Ақкүміс.

Сиыр- Әділбекұлы Әлихан.

Тал- Мәлікұлы Дамир.

Қыздар- Бақытқызы Кәусар,Молдадосова Сезім.

Дүкенші- Алдаш Шарбану.

Тауық,екі балапанымен-Әділхан Дана,Үргенішбай Әсем,Маликаждарова Айару.

Тышқан-Омаров Дархан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білу қажет: ертегідегі кейіпкерлеін атап, мазмұнын айта білу.

Қалыптасқан түсініктері:ертегі айту,сахналандыру түсініктері қалыптасады.

Орындаушылық қабілеті: кейіпкер бейнесіне ену, құрастыру машықтары

дамып , артады.

 

                          «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналаудан көрініс

                                    

              

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *