Асық ойыны –ұлттық қазына

Қызылордада асық ату спорты қарқынды дамуда

        

         Ерте заманнан бері Қазақ халқының  тұрмыстық  салт-дәстүрлерінде сан алуан ұлттық  ойындардың алар орны мен маңызы ерекше.  Олардың қай қайсысы болмасын жас ұрпақтың ойлау қабілетін жетілдіреді, әсіресе, шапшаңдылыққа,шымырлыққа,қырағылыққа баулиды. Сондай-ақ, өзара жақын қарым-қатынаста болып, бір-біріне құрметпен қарап, сыйласуына тікелей әсер етерліктей құндылығымен ұмыт болмай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатыр.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы  талайлардың санасына серпіліс жасауға түрткі болғаны сөзсіз.   Соның бір дәлелі ретінде елімізде  ұлттық асық ойынына деген қызығушылықты артып, жас ұрпақты көненің құндылығымен таныстыру мүмкіндігі туындады.

Көздегеніміз: Рухани жаңғыру аясында қазақтың асық ойындары арқылы балаларды рухани – адамгершілікке тәрбиелеу, халқымыздың ата-дәстүрін жаңғыртып, жас ұрпақтың санасына сіңіру, балаларымыздың асық ойынына деген қызығушылықтарын арттырып,ұлттық ойындар туралы білімдерін жетілдіру.

Ұлттық ойынның қай түрі болсын салт-дәстүріміз бен тұрмыс болмысымыздың ажырамас бөлігі. Бұрынғы кезде қазақ балаларының ең қызықты ойыншығы осы асық болғаны анық. Бабаларымыз да мұның денсаулыққа пайдасы барын дәлелдеген. Негізі асық ойынының бірнеше түрі бар екен. Бұл еліміздің әр аймағында әртүрлі тәсілмен ойнатылады. Ал бізде асық ойынының ату, қағу, құмар, ат жарысы, ханталапай, бес асық сияқты түрлерімен  балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытады және ептілікке, қырағылыққа, жылдамдыққа баулиды. Бұған қоса аяқ-қолдың қимылын ширатып, шымыр болып өсуіне ықпал етеді. Әрине, жас ұрпақтың ойлау жүйесінің жетілуіне де оң әсерін береді. Себебі, асықты ойнаған кезде адамның екі қолы ғана емес, екі иығынан бастап, екі аяғына дейінгі барлық бұлшық еттері қимылға енеді.  Сонымен қатар, балалардың дүниетанымын да кеңейтеді.

 Баланың ең бірінші әрекеті- ойын,сондықтан да оның мәнісі ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап,ән салмай,өсер бала болар ма?»-деп айтқандай,баланың өмірінде ойын ерекше орын алуына үлесімді қосудамын.Мен өз іс тәжірибемде балабақшадағы тәрбиелеу іс әрекетінде балалардың дене бітімі мен денсаулығын нығайтуда көп қолданамын.

Жалпы айтқанда, балабақшада асық ойындарын жүйелі қолдану- баланың білімін артып қана қоймай, оның  денсаулығын нығайтуға жол ашады. Бұған балабақша қызметкерлері, тәрбиешілер ғана емес, ата- аналар да белсенділік танытып отырса, нұр үстіне нұр болар еді. Тәжірибемде  асық ойындарының жаңа түрлерін енгізіп, іске асыра білсем, баланың бойындағы бес құзереттілікті дамыта отырып, алға қойған мақсат-

міндеттерді орындай отырып, белгілі нәтижеге жетуге болады.  Жақсы

нәтижеге жету үшін көптеген рухани құндылықтарға бай өте көп жұмыстар

жүргізуім керек деп санаймын.

 

№8 сәбилер бақшасының

дене шынықтыру нұсқаушысы.

БейсембаеваМадина Дуйсембековна

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *