Түбір мен қосымша

Жалпы білім беретін № 25 Б.Момышұлы атындағы орта мектебі

Ашық сабақ

Сыныбы: 3 «г»

 Сынып жетекшісі: Исамберлиева Н.С

2020 жылы

Бекітілді:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім: «Уақыт»

№46-сабақ

Күні: 19.11.2019ж

Мектеп:25

Мұғалімнің аты-жөні:Исамберлиева Н.С

Сынып: 3 г

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Түбір мен қосымша

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.4.1.2 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу.

3.4.1.2 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық жəне жабық сұрақтарға жауап беру;

 

 

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

-сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, үлгі негізінде есте сақтап жазады

Оқушылардың көбі:

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;

-сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу

Оқушылардың кейбірі:

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

-сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазады

Бағалау критерийлері

— пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;

— жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

— түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазады

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Түбір сөз, туынды сөз, түбір, қосымша, жұрнақ, жалғау;

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Түбір сөз дегеніміз не? Туынды сөз дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не?

 

Құндылықтарды дарыту

Өз іс-әрекетін жоспарлауға, уақытты тиімді пайдалануға үйрету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет 

 

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. (Ұ) Грамматикалық ширату: түбір сөзді естігенде 1 рет, туынды сөзді естігенде 2 рет қол соғу.

Ас, астық, жас, жастық, әнші, ән, күйші, күй, шеге, шегеле, үтікте, үтік, т.с.с.

ІІ. (Т) Өткенді бекіту.

(Ұ) «Микрафон» әдісі бойынша алдыңғы білімді пысықтау.

Түбір сөз дегеніміз не?

Туынды сөз дегеніміз не?

Қосымша дегеніміз не?

Қосымша нешеге бөлінеді? Қандай?

Түбірлес сөздер дегеніміз не?

Түбір мен қосымшаның жазылуы?

 

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін құрастырады.

 

 

 

 

 

 

Қосымша №1

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

5-10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11-15 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-17 минут

 

18-20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20-23 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

24-25 минут

 

 

 

26-27 минут

 

 

 

 

28-31 минут

 

 

 

 

 

 

 

32-35 минут

ІV. Негізгі бөлім

3.2.3.1 (МК; Ө; Ұ; Қ) Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

Проблемалық сұрақ:

Мақсаты: сыни ойлау дағдыларын дамыту, өткен білімді қайта жаңғырту.

1. Уақыт өлшем бірліктері неліктен қажет?

2. Не себепті «Сағат» және «Уақыт» ұғымдары қатар жүреді?

3 Әрбір өткен мезеттің немесе бір минуттың адам өміріндегі маңыздылығы қандай деп ойлайсың? т.с.с.

 

Оқушыларға өтілетін мәтіннің тақырыбы мен мазмұны болжатылады.

-Мәтін не туралы болуы мүмкін?

Оқылым. Оқулықтағы «Бір минут» мәтінімен жұмыс ұйымдастырылады.

Оқушыларды» топқа бөліп, «Үштік» әдісі арқылы мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып, өз көзқарастарын білдіретін жауаптар беру ұсынылады.

(МК) Мұғалім оқушы сұрақтарының неліктен? не себепті? қалай ойлайсың? мазмұнында болуын қадағалайды. Жауап болатын пікірдің нақты, дәйектермен берілуін бағалайды.

Мысалы. Талғат бір минуттың да рөлі бар екенін түсінді ме?, Оны түсінуге не себеп болды?

Топтар өзара бірін-бірі бағалау дескрипторы негізінде «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы бойынша бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

-бір ашық, бір жабық түріндегі сұрақ құрастыру;

-сұрақ мәтіннің мазмұнына сәйкес болу керек;

-өз көзқарасын білдіретін жауап болу керек.

 

 

Жазылым .3.4.1.2

(МК) Мәтіндегі қарамен берілген сөздерге назар аударту,  қайталап оқыту: кітабы, жауабы.

Берілген сөздердің түбірін және қосымшасын тапқызу: кітап+ы=кітабы, жауап+ы=жауабы.

Түбір сөзге -ы, -і дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кезде өзгеретінін аңғарту.

Ереже: Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: кітап — кітабы, парақ – парағы, әріп –әрпі, халық – халқы.

Тапсырма 2. Сызбамен жұмыс.

Сызбаға сәйкес сөздер тауып жаз.

Түбір сөз+жұрнақ

Түбір сөз+жұрнақ+жалғау

 

Тапсырма 3. «Сәйкестендіру» стратегиясы бойынша берілген сөздерден түбір сөздер мен қосымшалы сөздерді ажырату (түбір сөздер мен қосымша арқылы жасалынған сөздерді сызық арқылы сәйкестендіру).

Сөздер тізбегі: бала,әдіскер, ұзақ,оқу,ақылды т.с.с

 

(МК; Ө; Ж; Қ)34-жаттығу.Суреттегі сөздерді жұптастырып жазады. Жұптасқан сөздерді салыстырып, түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны атайды.

(МК) Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көлбеу, үзбей және біркелкі жазуы қадағаланады.

(Ө, Қ)35-жаттығу.. Мақалда берілген қарамен жазылған сөздің түбірін тауып, қатесін түзетіп, көшіріп жазады.

Бағалау дескрипторы:

-жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді тауып, түзетеді;

-каллиграфиялық нормаларды сақтайды;

 

Сергіту сәті!

Слайд бойынша іс-қимылын жасау

 

3.3.5.1(МК; Ө; Ж; Қ)Тыңдалым

(Экраннан  жұрнақ және жалғау туралы бейнеролик көрсету)

 

3.4.1.2Айтылым.

 

Жұптық жұмыс.

Әр топ екі жұппен берілген сқздердің түбір мен қосымшасын ажыратады.

 

 

 

 

Топтық жұмыс.

Әр топқа ребус беріледі.Әр топ жауабын тауып,сол сөзге сөйлем құрастырады.Түбір және қосымшасын ажыратады.

Бағалау.(топта.жұпта)

Әр топ бір-бірін «үш шапалақ» әдісімен бағалайды.

 

 

 
 
 
Қосымша №2
 
 
 
 

Оқулық

«Үштік» әдісі»

 

 

 

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы

 
 
http://balapan.kaztrk.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ішіне – сыртына» стратегиясы

 

 

 

 

 

 

Оқулық

№2 Дәптермен жұмыс

 

 

 

 

 

 

Оқулық

№2 Дәптермен жұмыс

 

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия.

(Ө; Қ) Өзін-өзі бағалау.

Егер оқушыға бәрі түсікті болса,

Жасыл түсті көтереді.- сабақты өте жақсы түсіндім.

Егер жартылай түсінікті болса,

Қызыл түсті көтереді. — сабақты түсіндім, әлі де толықтырулар керек.

 

 

Үй тапсырмасы:

«Еріншектің ертеңі бітпес» өз көзқарасыңды білдіретін шағын мәтін құра.

Парақшалар

Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқуларорын алды ма? Неліктен?

 

         

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *