Мұқағали Мақатаевқа арнау

 

Мұқағали-біртуары ғаламның,

Пірі болған қағаз бенен қаламның.

Ұзақ болса келте мына ғұмырың

Абайына айналарма едің заманның?!

 

Хантәңірдей мұзбалағым мақтаулы,

Құлагердей сәйгүлігім баптаулы.

Бойтұмардай қастерлеген жырларың,

Әр қазақтың жүрегінде сақтауды.

 

Тау ұлысыз, таудан биік тұлғаңыз,

Сізден бізге мирас болған жыр-аңыз.

Сағынғанда Саржайлаудан сізді іздеп,

Аттың басын Қарасазға бұрамыз.

 

Әрбір сөзі түйіршігі асылдың,

Әрбір ойдың бір қабаты  ғасырдың.

Ақыны бар бір өзіңдей ақиық

Қазақ халқы бақытты ғой па шіркін!!!

 

 

 

Еркінқызы Жанерке

 7 сынып оқушысы

Жетекшісі: Кашкеева Айгуль Адилкадировна

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *