Жақсы жігіт — көктегі жұлдыз

Ақтөбеде ерекше үлгі боларлық оқиға болыпты. Екі кішкентай баласы бар отбасыны пәтер ақысын төлемегені үшін үй иесі үйден шығуларын талап еткен. Артынша пәтер иесі тәртіп сақшысын шақырған. Оқиға орнына Жақыпов Бахтияр есімді тәртіп сақшысы келген. Үй иесі пәтер жалдаушылардың дереу үйді босатуына көмектесуін сұрапты.

Бахтияр олай істеуден бас тартып, бір айлық пәтер ақысын өз қалтасынан төлеп беріпті.

«Екі баласы бар әйел барар жері жоқтығын айтты. Қаржысы да жоқ екен. Үй иелері олардың екі сағат ішінде пәтерді босатуын талап етті. Мен өз қалтамнан пәтер ақысын төледім», — дейді Бахтияр.

Тәртіп сақшысы бұл әрекетін ешкімге айтпаған. Оқиға жайлы пәтер жалдаушылар әлеуметтік желіге жазған. Содан белгілі болды. Жарайсың Бахтияр!


Асхат Қасенғалидың фейсбук парақшасынан алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *