Педагогтерді кәсіптік дамыту

 

Орта білім беру ұйымында кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен әрбір педагогке тәлімгер анықталатын болады. Бұл ретте, тәлімгер жас маманға оқу процесін ұйымдастыру, оқу бағдарламаларын әзірлеу, яғни педагог мамандығына тез бейімделуге көмектеседі.

Сонымен қатар жас маманға жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін аттестациядан өтіп, біліктілік санатын алуға, жалақы мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді.

Педагогтік білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында педагогтік қайта даярлаудан өтеді. Педагогтік қайта даярлау тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Бұл нормалар қосымша білім беру бағдарламалары бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адамдарға қолданылмайды.

Орта білім беру ұйымдарының педагогтарын кәсіби дамыту жолында мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен біліктілік арттыру курстары ұйымдастырылады. Педагогтер алған білімін іс жүзінде пайдалануы үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізетін ұйымдар тегін курстарынан кейін де оларды сүйемелдеуді жалғастырады.

2019 жылдан бастап жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын кадрларды даярлау бағыттарының жаңа классификациясына сәйкес өз бетінше әзірлейді.

Білім беру бағдарламаларын жүйелеу үшін Тізім қалыптастырылды. Білім беру бағдарламалары ауқымды техникалық және мазмұнды сараптамадан өтті және ашық орналастырылған. 

Бүгінгі таңда Тізілімге жаңартылған 8667 білім беру бағдарламасы енгізілген, оның ішінде жаңасы – 2297, педагогикалық бағыт бойынша – 1911.

Бұл ретте педагогикалық бағыттың білім беру бағдарламалары өзектендірілді. Жаңартылған орта білім беру мазмұны бойынша инклюзивті білім беруді оқыту пәндері енгізілді, ағылшын тілінде оқытылатын пәндер көбейтілді.

Сондай-ақ педагогтердің сапасын арттыру мақсатында 2019 жылы Дүниежүзілік банктің есебінен робот техникасы бойынша 16 өңірлік ЖОО-ның материалдық-техникалық базасы нығайтылды.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылдан бастап Дүниежүзілік банктің есебінен «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 30 жаңа практикалық-бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлеу және т.б. іс-шаралар жоспарланған.

«Педагог мәртебесі» заңынан үзінді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *