Ауыл мұғалімдерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру

«Педагог мәртебесі» туралы заңның ауыл мұғалімдеріне қатысты тұсын ұсынамыз.

Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мұғалімдерге жер учаскелерін бөлуде басымдық берілетін болады. Сонымен қатар, олардың жалақысы мен тарифтік мөлшерлемесі қалада қызмет ететін педагогтерге қарағанда кемінде 25%-ға артық белгіленеді.

Сонымен қатар ауылдық елді мекендерге кәсіптік қызметін жүзеге асыру және тұрғылықты тұру үшін келген педагогке жергілікті атқарушы органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, көтерме ақы төлеу және отын, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Заңда ауылда жұмыс істейтін ұстаздар үшін қарастырылған басты кепілдіктердің бірі – жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін басымдық заңнамада белгіленген тәртіппен беру болып табылады. Педагогтердің тұрғын үй мәселесі жалпыға бірдей тәртіппен қарастырылады. Бұл ретте тек бір ерекшелік бар — ауылдық елді мекендерде кәсіптік қызметке тарту мақсатында педагогтер жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін басымдық тәртіппен алу кепілдігі қарастырылған.

Қазіргі таңда бірқатар тұрғын үй алу бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр:

  • «Нұрлы жер» бағдарламасы, оның ішінде «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы, жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ несиелендіру, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік несиелік тұрғын үй сатуы;
  • «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-нан жалдамалы тұрғын үй алу бағдарламасы және т.б. 

Аталған бағдарламалар аясында да мұғалімдердің тұрғын үй мәселесін шешу қарастырылады. 

Сонымен қатар жергілікті бюджетте тиісті қаражат болған жағдайда ЖАО өз шешімі негізінде сертификат бере алады. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдарға педагогтерді қосымша көтермелеу шаралары мен наградалармен марапаттау мүмкіндігі берілді. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін педагогтерге қатысты жоғары жалақы, «Үздік педагог» иегерлеріне грант бөлу сияқты барлық қолданыстағы әлеуметтік кепілдіктер сақталады.

Білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін ер азаматтарды әскери борышын өтеуге шақыруды кейінге қалдыру бұрын тек ауыл мектептерінде жұмыс істейтін ұстаздарға қатысты болса, жаңа Заң аясында бұл норма қала мектептерінде жұмыс істейтін педагогтер да қамтылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *