АЛТЫН ОРДАҒА – 750 ЖЫЛ

Өткенге көз жүгіртпей, бүгінгі күнді білу және болашақты болжау қиын. Әр халық өз тарихын тереңірек зерттеп, білулері қажет деп санаймын. Биыл Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Осы орайда, Алтын Орданың тарихына көз жүгіртіп өтейік.

Жарты әлемді жаулаған Шыңғыс хан  төрт ұлына өзінің қарамағындағы жерлерді бөліп берген. Сол кезде Жошыға  Ертістің батысындағы кең жазықты берді. Шыңғысхан көзі тірісінде Жошы қайтыс болған соң, осы жерлерді Жошының балаларына қалдырды. Бірақ, үлкен бөлігін екінші ұлы Батуға берді. Батудың бауырларының бірі көп айтылмайтын Орда-Ишен отбасындағы тұңғыш бала еді. Оның еншісіне қазіргі Қазақстан тиді. Осы Орда Ишен хандығы тарихта Алтын Орда атауымен қалды. Батудан кейінгі хан Берке болатын. Беркенің тұсында Алтын Орда ірі мемлекет болып танылды. Сол уақытта Берке ханның ықпалының күшті болғанын, сол кезде қыпшақтар елін Берке елі деп атағанынан көруге болады. 

Орданың Алтын деген атауы төрт шартараптың түсінен келген деген жорамал бар. Атап айтсақ, солтүстіктің түсі – қара, шығыстың түсі – көк, оңтүстіктің түсі – қызыл, батыстың түсі – ақ, ал алтын түс – орталықтың түсі.Моңғол тілінде «Алтын Орда» деген сөз тіркесі Алтын түсті орданы немесе патша сарайын білдіреді.Осы заманға дейін келіп жеткен деректер бойынша бұл мемлекетті Алтын Орда деп атау ХVII ғасырдан басталады. Яғни, одан ертерек құжаттарда бұл мемлекет «Жошы ұлысы»деп аталған.

Жәнібек хан қайтыс болған соң, Алтын Ордаға деген таққа таластық белең ала бастады. 1357 -1380 жылдар аралығында Алтын Орда тағына 25 хан отырған.

ХIV ғасырдың аяғында Әмір Темірдің қарсы жорықтары Алтын Орданы әлсіретпей қоймады. Бұл тарихта «дүрбелең кезең» деп аталды. Қаншама тартыс пен дүрбелең кесірінен Алтын Орда ХV ғасырдың ортасында ыдырап, бірнеше дербес мемлекеттерге бөлініп кетті. Ішкі және сыртқы күйзелістерден Алтын Орда мемлекеті құлады.

Жалпы,  осы Алтын Орданың 750 жылдығына орай елімізде түрлі іс-шаралар мен телебағдарламалар өткізілуде. Мұндағы бір мақсат – тамыры тереңде жатқан тарихымызды жаңғырту.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:»Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет. Ұлытау – халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризм орталығы болуы тиіс. Бұл жұмыстар Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында басталуы керек», – деп атап көрсетті.

Сонымен қатар, Шыңғыс ханның үлкен ұлы – Жошы мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейтінін жеткізді. Сондықтан, Алтын орда негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алу қажеттігін айтты.

ТЕМІРБЕК ЖҰЛДЫЗ

Филология бөлімінің студенті,

Ж.Мусин атындағы Көкшетау  жоғары

қазақ педагогикалық колледжі.

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *