Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады.

«Бүгін — Ғылым күні! Бұл салада 22 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Ғылымсыз, жаңа технологиялар мен білімді енгізбестен экономикада да, әлеуметтік салада да табысқа жету мүмкін емес, сондықтан ғылымның дамуына өз өмірін арнаған және барлық күш-жігерін жұмсайтын адамдарды бағалауымыз қажет. Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемде ғалымдардың рөлі қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Біздің ғалымдарымыз, атап айтқанда ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығының қызметкерлері штамның өзі болмастан, небәрі 6 күн аралығында коронавирусты анықтауға арналған бірегей тест-жүйе әзірледі», — деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *