ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗІ

       Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрып отыр. Еліміздің әлемдік үдерістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігінен екені сөзсіз. Біздің өміріміздің кез – келген саласындағы сапалы өзгерістер, әсіресе білім беру саласындағы өзгерістер педагогтың рөліне жаңаша көзқарас қалыптастыра бастады. Қазіргі таңда еліміздің  білім беру жүйесінің ең басты міндеті – мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу, көтеру. Мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұны мектепке дейінгі тәрбие мен мектеп алды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Тәрбиенің бастауы, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы  — мектепке  дейінгі мекемелер екені сөзсіз.  Бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесіне еніп, мазмұндарын өзгертуді бастады. Себебі, қазіргі уақытта  әр мемлекеттің  бәсекеге қабілеттілігі экономикасының дамуына қатысты болса, ал экономиканың қарыштап дамуы сол елдің  азаматтарының білімділігі мен біліктілігіне байланысты екені баршаға мәлім. Сондықтан жаңартылған білім беру жүйесін болашақ талабына сәйкес дамыту басты бағыт деуге толық негіз бар. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Бүгінгі таңда оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарастар пайда болды. Міне, осыған байланысты балабақша тәрбиешілерінің  алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеттері тұр.

Жаңартылған білім беру мазмұны балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған. Бағдарлама «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» атты салалалардың  мазмұнын кіріктіру  арқылы іске асырылған. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаттары:

  • Балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру;
  • «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясына сәйкестендіре отырып  жалпы адамзаттық  құндылықтарды, патриотизм мен төзімділікті  тәрбиелеу.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының міндеттері:

  • Мектепке дейінгі жастағы баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістікке бағытталған дамытушы ортаны құру;
  • Мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіз ұстанымдарын қамтамасыз ету;

 

  • Балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру;
  • Әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеру бойынша мониторингті ұйымдастыру;
  • Мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығы.

Бағдарлама мазмұнын іске асыру балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, психология мен мектепке дейінгі педагогика  және білім беру салаларын кіріктіру негізінде жүзеге асырылады. Барлық білім беру салалары бір-бірімен байланысты: бала оқи отырып таниды; тани отырып не білгені туралы айтады; зерттеу және пайымдау барысында құрбыларымен бірлесіп  әрекет етеді. Осылай білім беру салаларының өзара кірігуі және өзара байланысы балада қоршаған ортаның тұтас бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Білім беру процесін іске асырудың инновациялық тәсілі  мақсатында балалардың шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін арттыратын, эмоционалды-күштік саласын дамытатын, баланың танымдық қабілеттерін белсендіретін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа, заманауи технологиялары мен әдістері енгізілген. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мазмұны мектеп жасына дейінгі балаларға арналған үйретуші және дамытушы бағдарламалардан тұратын ресурстары бар интерактивтік жабдықтан тұрады. Аталған технологиялар электронды контент ресурстары мен дидактикалық үлестірме  материалдарды үйлестіреді, бұл мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауына, сенсорлық қабілеттерінің  дамуына мүмкіндік береді.

Инновациялық технологиялардың ерекшеліктері бір уақыттағы әрекет барысында  бірнеше әрекеттің қатар жүргізілуінен тұрады:

  • Мәтінді кәсіби дикторлардың айтуы;
  • Мультимедиялық анимациялық материалдарды көрсету;
  • Балалардың  білім беру әрекетіне қатысуы.

Жеке тұлғаға бағытталған  педагогика балалардың  тәжірибе жинақтап, олардың өзіндік қызығушылықтары мен қажеттіліктерін іске асыруға мақсатталған жоба деуге де болады.

Жеке бағытталған технологиялар:

  • Ойын технологиясы;
  • Монтессори технологиясы;
  • Топтық оқыту технологиясы;
  • Ш.А.Амонашвилидің ізгілік- жеке технологиясы;
  • Интерактивті оқыту;
  • Дамыта оқыту технологиясы;
  • Мәселелік оқыту технологиясы;

ТРИЗ шығармашылық технологиялары бүгінгі мектепке дейінгі мекемелер үшін өте тиімді болмақ. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың маңызы аса зор деуге негіз бар. Жаңашылдыққа  деген қажеттілік қандай да бір мәселені жеңілдету жолында туындайды.  Кез- келген педагогикалық ұжым, педагог жаңартылған білім мазмұнына құрылған  іс-әрекетті ұйымдастыруға құқылы, дегенмен әр бастаманың  басты нысаны бала екенін ұмытпаған жөн.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (12.08.2016ж№499);
  2. Қазіргі заманауи оқу- тәрбие үдерісіндегі білім беру технологиялары Алматы қаласы 2017.
  3. Логика 5-7 жастағы балаларға арналған Т.И. Идилова 2009ж. Алматы кітап
  4. Дамыта оқыту технологиясы; автор:Бисенбаева Әлия
  5. Мектепке дейінгі білім –тәрбие әдістемесі. Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал  № 12, 2014

 

Жалгасбаева Мейрамкул Егизбаевна

Қызылорда облысы, Арал ауданы,

Ақбай ауылы КМҚК

«Қызғалдақ» балабақшасының меңгерушісі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *