ОРДА
1. Орта ғасырдағы көшпелі елдердің әкімшілік, саяси басқару орталығы, ел билеушілер тұрағы, сарай.
2. Қазақ киіз үйінің шоқтығынан саналатын, құрастырылып-ажыратылатын киіз жабынды тұрғын жайдың аса сыйымды түрі, ел билеген хан мен сұлтандар үшін көпшіліктің қатысуымен салтанатты, рәсімді жиындар өткізіп тұруға, елшілер мен құрметті қонақ қабылдауға, қарсы жақтың зиялыларымен келіссөздер жүрг¿зуге, шартқа қол қоюға ыңғайластырылған сыйымды орынның болуын қарастырған ізденістің нәтижесіінде пайда болған 12, тіпті одан да көп қанатты киіз үйдің үлгісі.
3. Орталық жүйке.
4. Еңселі, салтанатты үй.
5. Бір жерге топталып мекендейтін аң, жылан т.б. ұясы.
6. Орталық, қала.
7. Өнер, білім, мәдениет т. б. топталған орны,жинақталған жері, қайнаған ортасы.