Аяғыш, аямпаз, мүсіркегіш, есіркегіш

Жаны ашығыш, аяйберетін. Қорлық, бейнетті көп көргсн адамның жүрегі беріш-берішбоп қатып, түк сезбей ме деп топшыласа, бұл кісінікі жұмсақ аяғыш (З. Шашкин). Күләйім, көтер басыңды, Аямпаз едің бастан сен, Құпиясы терең хатыңды сумкамен бірге тастап па ең (Ә. Сәрсенбаев). Гуманизм рақымшылық, адамгершілік де-генді білдірсе, аямпаз — мүсіркегіш дегенге мәндес (С. Шүкіров). Еркім бар есіркегіш елімберген, Жүремін жер үстінде сенімменен (I. Мәмбетов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *