Ашқарақ, қомағай, тамақсау, оңаза, обыр, мешкей, жалмауыз, құз-ғын, тойымсыз, жалмауық, жалмағыш, сұғанақ, обаған, асағыш

Тамақ десе жанын салатын, араны ашылған. Ашқарақсопыдастарқан басына те-зірек отырғысы кеп, іш дәреттің ырымын ғана істеді (Ә. Нұрпейісов). Солар-дың ішінде, мысалы, қасқырдың етіне жеріген әйелден ашушаң, қомағай бала туылады (С. Мұқанов). Тамақсау кемпір бұл үйдің дастарқандағысын сыпы-рып соғып, алдағыасты жепіріп жіберуші еді (А. Нұрманов). Сұлтандар баяғы ата-бабаларындай жегені алдында, жемегені артында, сондай ашқарақ, оңаза (С. Бердіқұлов). Өмір бойы бүйірі шығын, тамаққа тоймағанашқарақ адам дәмге қаншалықты обыр болса, ол ғылымға да сондай обыр еді (Т. Сұлтанбеков). Мешкейдің  қарны үлкен, өзі тойғаныменкөзі тоймайтынын білесіңдер ме? (Т. Дәуренбеков). Сорлы жалмауыз қайдан табақтас болып едің, бір жапырақ жегізбедің ғой (Б. Майлин). Болыс-би елдің  басқа құз-ғындары Жиналған осы ауылға түгел бәрі (Ж. Саин). Әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады (Абай). Жұманның қомағайлығына қарап, өмір бойы тоя тамақ ішпеген жалмауық,жалмағыш жандай әсер қалдырады («Жұлдыз»). Ұры байымайды, сұғанақ семірмейді (Мақал). Олар дүниелерді талан-таражға салып,озбырлықпен олжаланып, обаған аранын ашқан (С. Мәуленов). Қанды қақпан сарт етті, Қасқырдын жағы сарт етті. Көп асағыш көк бөрі Көлденең түсіп жалп етті (С. Қасиманов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *