Ашуланшақ, ашушаң, ашуқор, шамшыл, шая, ызақор, шақар, долы, шәлкес, көкдолы, шақылдақ, ашуланғыш, күйгелек

 Тез ашула-натын, шырт етпе. Небір ашуланшақ келіншектердіңмінездері бүгін жады-рап кеткен (С. Адамбеков). Апам да ашушаң адам еді, менің арадан соққы жеп, сілейіп келгеніме бұлқан-талқан болды (А. Сарбопин). Халфе жеңілтек, адымы қысқа, ашуқор сияқты көрінді Тоқашқа (З. Шашкин). Есей тік мінезді, шамшыл кемпірді ашуландырып алдым ба деп қысылып қалды (Ә. Нұрпейісов). Басқа бір ұшқалақ, қалжың түсінбейтін шая әйел болса ғой, осы жерде қып-қызыл ұрыс басталар еді (Ә. Шәріпов). Егер бала ызақор, өзімшіл, томырық болса, бұл әдетін қойғызу үшін тереңірек тексеріп, оймен іс қылу керек (С. Көбеев). Ойпырмай, кішкентай болып алып, өзі бір шақар неме көрінеді ғой (Б. Соқпақбаев). Жанай аузын ашар болса, ызалы долы айқай мен боқтық сөздер ғана шығатын сияқты (С. Мұратбеков).Адам атаулының мінезі бірдей емес, түзуі де, шәлкесі де бар (С. Мұқанов). Бір ашуланып алса, көпіріп болмайтын көкдолы екен ол (С. Мұқанов). Ауылдың ақсақалы Шегір деген құс тұмсық, пысық, шақылдақ шал (Б.Аманшин). Күнделікті өмірде тез ашуланғыш, не болса соған көңіл аударатын күйгелек адамдарды кез-дестіріп жүреміз (Ғ. Қайырбеков). Ерінің соңғы жылдары тіпті күйгелек, бұ-рынғыдан да қатыгез халге душар болғанын Күлпаш білетін (З. Жәкенов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *