Ашулану, ызалану, ызақорлану, долдану, долыру, алабұрту,зы-ғырлану, тұлдану, шатынау, долығу, қыжырлану, шамырқану, шытынау, бұрқану, атқуылдау жерг., қыжылдау қарап.

 Ыза кернеу,ашуға булы-ғу, бұлқан-талқан болу, қаны қайнау. Долдықпен ханЕскендір ашуланды, Ашуланып қақпаға жетіп барды (Абай). Кәмшаттың неге екенін хатты тез оқи алмай мүдіре бергеніне ызаланды(Д. Исабеков). Тұмсығыңа жұдырық тисе, сен де ызақорланарсың, — деп жігіттер мырс-мырс етеді (Б. Тілегенов). Бұзаубақ ызаланып, долданып, буынып сөйлей алмады (С. Сейфуллин). Ма-мыттар сайдағы атына мініп жатқанда, Әбунүсіп долырып үйіне кірді де, қо-сауыз мылтығын оқтады (Д. Әбілев). Жүр еді батыр Науан жонда жортып, Ашулы жолбарыстай алабұртып (Қ. Бекхожин). Осыдан кейін Зейнет мүлдем зығырланып кетті (Ә. Әбішев). Шұнақ келіншек тұлданып жүріп си-ыр сауысады, қой-ешкісін қамасады (Р. Тоқтаров). Жақып жарылып кететіндей, шатынап біраз отырды (Қ. Ысқақов). Әкет, ойбай, өзінің бөлмесіне, — деп әбден долыққан кемпір келініне әмір етті (Ө. Қанахин). Ол бұған іштей қыжырланып, күндеп қарайтын (Б. Соқпакбаев). Бірақ бүгінгі дүниедегі барша арлы адам күннен-күнге шамырқанып, ызаланып, өшігіп отыратын бір есім бар («Бейбітшілік даусы»). Теріме сыймай шытынап, ша-ла бүлініп отырғанымның ыңғайсыздығын енді сездім (И. Жақанов). Осын-дай күймен кеп, есікті ашып жібергенде, алдынан Жәмила тағы атқуылдап шықты (М. Әуезов). Бақылдамай жатшы әрі! — деді Дәулет аталған жігіт қыжылдап (М. Сүндетов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *