Ауқатты, дәулетті, бай, тұрмысты, жағдайлы, қорабалы, әлді,қуатты, күйлі, қонды, шаруалы, бардам жерг., қотты, бақуатты, байшыкеш

Ішіп-жемі мол, мал-мүлкі жеткілікті. Ішкені алдында, іш-пегені артында. Ауылдағы ең бір ауқатты, күйлі тұратынсемья — ауылдық кеңестің төрағасы Батырханның үйі (Б. Соқпақбаев). Бұл ауыл уезд қол ас-тындағы ең дәулетті адам Дабылбайдың ауылы еді (X. Есенжанов). Шығыс Түркістандағы қызай аталатын руды Жүсіп деген бай билейді (X. Сүйіншалиев). Ауылдағы тұрмысты ағайындарымен сөйлесіп, елдің жалпы жағдайымен танысты («Заман Қазақстан»). Мені өзімен жақын аралас жағ-дайлы отбасының үйіне түсірді («Жас Алаш»). Жаңабек сияқты алды-арты тып-типыл адамға өсіп-өнген, қорабалы жермен құдандалы болған жақсы еді (Б. Тоғысбаев). Абайдан енші алып, еліне қайтқан палуан бұл күндері Мамай руының ішіндегі әлділердің  қатарына қосылып қалған-ды (К. Оразалин). Қызәкесі қуатты тұрады екен. Бір өзінде 2-3 жылқы, 4-5 сиыр, бірнеше қой бар болып шықты («Қаз. әдеб.»). Естайдың бақытына бір ағасы күйлі болып, Ес-тай жас басынан соның қолында болады (А. Жұбанов).Ол өзі мұнда кейін келген, осылардың ішіндегі ең қоңдысы болатын (Т. Ахтанов). Өзіме-өзім тоқ шаруалы жігітпін (С.Мұқанов). Әсіресе, Марданды бауырына тартқан Садық атты бір бардам ағайыны еді (I. Жансүгіров). Бұрынғыдай емес, ауылдағылар қотты тұрады, үй басы бір-бір машина («Арқа еңбеккерлері»). Бақуатты мол дастарқаннан дәмді тамақ ішіп, жүрек жалғау өз алдына (Қ. Жұмаділов). Есіктен қажыға сәлем бере, елдің жайын айта келген бірнеше байшыкеш мырзалар келіп кірді (Е. Бекенов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *