Ауыру, сырқаттану, науқастану, дерттену, дімкәстану, кеселдену, бейтаптану

 Денсаулығы бұзылу, дертке шалдығу. Көпауырып, сар-төсек болған ана басын зорға көтеріп, қасындағы мұнтаздай қара көз қызға мұңын айтып отыр.

Ғ. Мұстафин

Жексембі күніне қараған кеште сырқат-танып қалған Торғайдың анасы баласын бригадирге жұмсады.

Б. Баязитов

Тортай науқастанып, Абай алпыс жасында Жидебай алқабындағы өзінің туған аулында дүние салды.

М. Қаратаев

Осы кеселге дәру тауып, оның алдын алмаса, істің насырға шауып, дерттеніп кетерін сезгендей болды.

Б. Дәулетбаев

Тамақта витаминнің жетіспеуінен адам ағзасының әлсіреп дім-кәстенуі мүмкін.

«Денсаулық»

Бұл паразиттер мал организмі әлсіреген кез-де олардың белгілі бір аурумен кеселденуіне себепші болады.

Ғ. Әбішев

Сол Шәлдубек күндердің күнінде бейтаптанып қалып, ыңқыл-сыңқылы күшейіп, кәдімгідей төсек тартты.

Т. Бердияров

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *