Ауызба-ауыз, бетпе-бет, жүзбе-жүз, көзбе-көз

 

 Сырттай емес,тіке-лей, бірме-бір. Сырттан көрген, көрген бола ма, ауызба-ауыз сөйлеспеген соң.

Б. Майлин

Жүрмеймін сырттай жауласып, бетпе-бет келіп тура айтам.

Қ. Мүсірепов

Бұрын да естігенім бар, жүзбе-жүз танысқан соң осы мығым да мол соғылған жігітке тіпті ғашық болғандаймын.

С. Хайдаров

Олармен көз-бе-көз әңгімелесуге екінің бірінің сәті түсе қойған жоқ.

М. Жұмағұлов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *