Ауру, сырқат, науқас, кесел, індет, дерт, дімкәс

 Организмнің физи-ологиялық әрекеті мен құрылысының бұзылуы, өсіп-өну қабілетінің зақым-дануы. Аурудың жеңіл не ауыр өтуі де нерв жүйесіне тығызбайланысты (М. Қайрақбаев). 1945 жылдың көктемінде кенеттен кездескен сырқаттан жазу-шы қайтыс болады (С. Мұқанов). Қасым Аманжолов бұл кезде қатты хал үс-тінде, төсекте ауыр науқас күйінде жатыр еді (Ғ. Қайырбеков). Ғани сол жы-лы Москваға кетті. Бірақ жабысқан кесел қыр соңынан қалмады (Ш. Өтепов). Алдыңғылар да, мына соңғылар да бір белгісіз індеттен өлді (Қ. Бектұр-ғанов). Қымыз адам ағзасын нығайтып, күш-қуат беретіндіктен қазақтар оны дертке шипа ретінде ұрпақтан-үрпаққа пайдаланып келеді («Қымыз бен шұ-бат»). Қызуы денесінің түсті ме деп, Дәрігер тұр дімкәстің кеп алдында (М. Рашев).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *