Ат сыншысы, атты баптап бәйгегеқосатын бапкер. Қазақ атбегілері баптаған сайгүліктер алыс қашықтыққа төзімді, ал ипподром аттарының өз артықшылығы бар («Егеменді Қазақ-стан»). Атпаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр (Мақал). Абай әрі ше-бер ақын болудың үстіне, аса білгір, саятшы, атсейіс, сыншы боп шығады (М. Әуезов). Бәйгеге шабатын аттарға шабандоз балаларды мінгізіп, сейіс-терді жетектеп қыдыртып жүр (Ә. Кекілбаев).