Асып-сасып, асығып-үсігіп, абдырап-дабдырап, асығып-ап-тығып, апыл-ғұпыл, абың-күбің, қапыл-ғұпыл

 Сасып-салбырап,жылдамдатып, қатты асығып. Лиза асып-сасып, есіктің шынжырларын салдырлатып ашып жатыр (Б. Тілегенов). Сәндібала шайға қарамастан, асығып-үсігіп отарына қаша жөнелді

(М. Дүзенов). Директор әлде біреуге әдетінше айғайлап қалды да, машинасының алдыңғы орнына абдырап-дабдырап отырып жатты.   (Қ. Ыдырысов)

Рахиманы кездестіре алмай, асығып-аптығып үйге кіріп келсем, төрде Іздән әпкем отыр (Ә. Қалдыбаев).

Ханзада газ плитасының үстінде тұрған кастрюльдегі күріш көжені жылытпастан апыл-ғұпыл ішті де, қайтып кетті   (Н. Серәлиев). Емтиханға жарты сағат қана қалғанда әрең оянған ол ертемен-ақ абың-күбің күйге түскен («Қаз. әдеб.»).

Қапыл-ғұпыл асығып жы-лы қанды сылпылдатып қылғып жатыр(С. Сейфуллин).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *