Астан-кестен, әптер-тәптер, ойран-ботқа, әлем-тапырық, ұйқы-тұйқы, ұйпа-тұйпа, ойран-асыр, ойран-топыр, әлейім-тәлейім, бұлан-та-лан, ойпаң-тойпаң, ойпыл-тойпыл, ала-топалаң

 

Асты-үстіне кел-ген, шашылып быт-шыты шыққан. Ол үйінеентігіп кіріп, босағада аң-таң боп мүдіріп қалды, үй іші астап-кестен

(Қ. Исабаев)

Үйде лампы құлап, ыдыс қирап, қымыз төгіліп әптер-тәптері шықты (I. Жансүгіров)

Дүние кенет дуылдап, қуырдақболмақ емес ойран-ботқа

(М. Рашев)

Барақтардың асты-үстіне шығып, әлем-тапырық болып жатыр екен

(Қ. Исабаев)

Оспан-ның жылын берер алдында Құнанбай аулын осындай бір үлкен қақтығыс ұйқы-тұйқы еткен еді

(М. Әуезов)

Етегі киімінің өрім-өрім, Қолдарытікен тілген тілім-тілім, Тарқатылған қолаң шаш ұйпа-тұйпа, Сұры кеткен, әл біткен көрсең түрін

(И. Байзақов).

Ол дыбыс бермегесін жүгіріп сыртқа шық-сам, дүниенің бәрі ойрап-асыр, шашылып жатыр

(С. Сейітхазин).

Сол беті-мен кескілескен ойран-топырдың арасына сүңгіп кетті

(О. Сәрсенбаев).

Жараскүл есіме түсіп, ішім әлейім-тәлейім болып кетті

(Ә. Табылдиев).

Аз үйлі жатақ бұлан-таланбіржағына қарай сырылып кеткелі жатыр

(Ғ. Мүсірепов).

Олар бірінің соңынан бірі жүгіріп ойпаң-тойпаң боп жатқан жерге кетті

(Р. Райымқұлов).

Ғасырлар бойы күн жалап, жел мұжыған тақыр дала үстінде жойқын күштер ойпыл-тойпыл жағаласты

(К. Оразалин).

 Мына сүйқыл ініңіз осылай есі кеткенше ініін барады да, үй ішінала-топалаңқылады

(3. Қабдолов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *