Ассалаумағалейкүм, салаумалейкүм, уағалайкүмассалам, әлей-күмассалам

 Ер адамның амандық сұрасуы, сәлемдесуі. Ассалаумағалейкүм, нар Кемпірбай, науқасқа шипа берсін патша құдай («Ақынжырлары»), Омарсың ғой сен? Салаумалейкүм! — деді жүргінші сұрлана түсіп (Б. Май-лин). Уағалайкүмассалам, Болыс, мал-жан аман ба? Мынадайға кез болдың Аума-төкпе заманда (Абай).

«Ассалаумағалейкүм» деген әдепті балаға ұзын бойлы кісі қызықтап, «Әлейкүмассалам» деп, сүйсінген ықыласын көрсетті (С. Бегалии).
Астамшылық, астамдық, асылық, күпірлік. Қол жеткен табысқа,же-тістікке мастанушылық, дандайсушылық. Шынтас аға, дұрысынайтайық, саған соңғы кезде астамшылық пайда болды, білдің бе? (Т. Ахтанов).

Өз ырысын өз қолымен төккісі келген біреу болмаса, итке қол көтерудің нан басқандай астамдық боларынан бейхабар (А. Сүлейменов).

Пар аттағы-лардың қазақ әдетінде жоқ бұл асылығы көңліне дық болып тиген Жаналы қасындағыларға қарауға ұялды (Б. Аманшин). Қазірет бастаған діншілдер то-бы Сырбайға күпірлік еттің дегендей үрке қарап қалыскан (М. Әуезов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *