Аспанмен тіл-дескен биік. Қазақ табиғаты асқар Алатаусыз, көркем Көкшетаусыз қандай әрсіз болса, Абайсыз не Мұхтарсыз қазақ әдебиеті де сондай мәнсіз көрінер еді (М. Әлімбаев). Ақ мұнар ішінде Баянауылдыңзаңғар тау шыңдары «біз мұндалап» тұрғандай (Д. Әділев). Кеңгірдің биігіндегі Дархан тұрғызған зәу-лім күмбездің жанынан асығыс зымыраған поездар өтіп жатыр (О. Бөкеев). Төбесі бұлтпен таласқан мәңгі қар жамылған зеңгір құз басындағы қыран ұя-сын көргенін әңгімелейді (С. Қирабаев). Әбекең Алатау табиғатын, тұлғасын асқаралы Алтаймен салыстыра қарайтын секілді («Достық нұры»). Олар кей-де биік шоқы болып, кейде қызық бітімді жартастары бар сеңгір боп көрінеді (М. Әуезов). Алатау асқақ алып, сұлу керім, Ақ торғын сілкіп тастап бұлт же-легін (З. Қалауова).