Адам мен жан-жануардың омыртқа орналасқан жағы, ту сырты. Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қа-ғып жүрсе ақырын (Абай). Самай мен жоннан сорғалаған тер мына сордың өзі сияқты ақ сортаңданып, тұздың татын қалдырып жатыр (Н.Оразов). Бәрінің де белуарға дейін шешініп тастаған жоталарын күн қақтап, қызарып кеткен (Ә.Әлімжанов).