Арық, қатпа, ашаң, жүдеу, жадау, қоңсыз, жарғақ

Семіз емес, еті қашқан, азған. Қыстан арық шыққан немесе ауырған қойдың жүні қашанда ажарсыз келеді (М. Ермеков). Атымбаев-бойы кішірек, қол-аяғы тарамыс, нә-зік қатпа қара жігіт (Б. Соқпақбаев). Жақыптың ашаң сіріңке қара жүзі қызыл күрең тартқан (Ғ. Мұстафин). Нұрке алдында тұрған жүдеушалды шырамытқандай қарай берді (І. Есенберлин). Жазғытұрғы әрі буаз, әрі жадау қойлар тізеден су кешіп, әрең жылжып келеді (Ғ. Мүсірепов). Егер ат арық, қоңсыз болса, оны тойындырып, күйіне келтіру, яғни «қайта қайыру» қиын (Ғ. Нұрпейісов). Сыр бойын қыстап, Сартам жазығын жайлап жүрген жарғақ шалдың жалғыз қызы еді (Д. Досжанов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *