Арықша, ашаң, арықтау, ашаңдау, қатпалау

 Аздап арық, ашаң-ырақ. Ұзынша кең бөлменің төрінде әлде бір қағазға үңіліп отырған арықша келген сары кісіге көзі түсті (С. Алдабергенов). Жақыптың ашаң, сіріңке қара жүзі қызыл-күрең тартқан (Ғ. Мұстафин). Бұл-орта бойлы арықтау тарамыз денелі, жатаған келген ат жатқы сары сұр кісі (І. Есенберлин). Жасы жиырма бес шамасындағы ұзын бойлы ашаңдау жігіт екен (С. Шаймерденов). Бұл-бойы кішірек, қол-аяғы тарамыс, қатпалау қара жігіт (Б. Соқпақбаев).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *