Ар көру, намысы келу, ұят санау. Егерде шайтандыққа жетсе қолым,алдауға арланар ем адам ұлын (Абай). Сіздердің кемшіліктеріңізге намыстанамын, табыстарыңыз болса мақтанамын (Ж. Еділбаев). Жырлады қыз, жырлады, Ағытты о да арманды. Кейіді, күйді, қорланды, Туылдым деп неге қарғанды (І.Жансүгіров). Бекболат бір жағынан «оқымысты» қайын ағасының алдында қорынайын де-ді (Ж.Аймауытов). Кей жігіт арсыздықпен ұятсынбай,Қолы жетпес нәрсеге тыртақтаған (Абай).