Көлікке жегілетін тасымал құралы. Партизандар көмілген қаруларды қазып алып, екі пар ат жегілген ар-баға салды да, базаға тартты (А. Шәріпов). Біз мінген күйме көшені басына көтере, желе заулап барады (Ә. Сәрсенбаев). Карета-төбесі жабық төрт дөң-гелекті сәнді арба (ҚСЭ). Экипаж-кісі мінетін жеңіл арбаның бір түрі (ҚСЭ). Малтабардың тарантасқа жеке жеккен қара бурыл аты мейлінше денелі де, елгезек те, жүрдек те, мықты да жылқы екен (С. Мұқанов).