Төбелескен адамдарға ара түсу, бөліп жіберу. Әжібай тағы мыжыды тізесімен, арашалаған шешесін қоса қабат жықты итеріп, кеудесімен (С. Торайғыров). Осы кезде басқа оқушылар келіп, төбелесіп жатқан екеуін ажыратып жіберді (З. Иманбеков). Шал байғұс айғайлады аттан салып, Айырып алған жан жоқ оны барып (Абай).