Қара ниеттілік, жағымсыз іс-әрекет. Арамдықтан жамандық көрмей қал-мас, мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек (Абай). Өзің үшін үйренсең, жамандықтан жиренсең, ашыларсың жылма-жыл (Абай). Байым ақ көңіл кісі еді, бүкпе сақтауды білмей, ортаға салып айтып жүруші еді (Б. Майлин). Мұсакең жаратылысында тірі жанға қараулығы жоқ, салиқалы-ақ кісі еді (О. Сәрсенбаев). Ол өз шығармасында сендерді бейнелеп, мерездіктеріңді, са-раңдықтарыңды әжуа еткен («Қаз. әдеб.»). Сандыбай мен Аралбайдың бұл секілді бұқпантай әрекетінен иненің жасуындай нәтиже шыққан жоқ (С. Омаров).