Адамды масқылып,ақылынан адастыратын алкогольдік сұйық зат.Арақ мұнда жалпы ішкілік ұғымында жұмсалып тұр.Ақмағамбет,ащы су,ақ су,тентек су,боз жорға дегендер бейнелеген түрде ауыс мағынада қолданылған.Мұрат арақ ішкісі келмей,стаканның бетін жапқан адамша алақанымен енді ештеменің қажеті жоғын білдірді(Т.Әбдіқов).Ол жігіттің сұлтаны еді,ішкіліктен аз-ғындап,есалаң ауыруға шалдықты,мерт болды(І.Қожабаев).Келіншек ішім-діктен де онша тартынған жоқ,шағын рюмканы жартылай ішіп отырды (Ж.Еділбаев). Шәймерден «қатын,ақмағамбеттен де әкел,қонақтар бойын жы-лытсын», — деді (С.Мұқанов). Ащы суға тойдырып, бұза ма деп ренің. Адыра қалғыр заманның мен жаратпайтын сүреңін (Мұрат ақын).Ақ сумен әуес-тенгеннің оңғанын көріп пе ең? («Саржайлау»). Өзі жылапсықтап, тіленіп жүріп орналасқан жерінен кетуіне тек өзі ғана, өзінің тентек суға әуестігі ғана кінәлі («Орталық Қазақстан»). «Кішкене боз жорға» еді,-деп Төлеген сыпайы қонағына қарап жымиды (Ж. Аймауытов). «Жынды суды, қарағым, ішпе»-деді (Ы. Төлегенов). Торғайға тойынуға келіп жүрсің. Қалада көк су ішкен қатпа неме (Н. Ахметбеков). Үйге келген қонаққа 250 сомға бір «Көкмойынды» сатып алып қоюға бармыз да, бір жыл азық болатын газетке қар-жы таппай жатамыз («Алматы ақшамы»).