Не істерін білмей дағдару, аң-таң болу. Ағатай, сағындым, есен-сау көрмекке. Сөз тап-пай аңырдым, Оқыңыз ермекке (Абай). Көшеде доп қуған балалар ойында-рын қойып, қастарынан өткен Елжасқа аңқиып қарап қалыпты (А. Жақсы-баев). Арбаның үстінде әлі де қалғып-мүлгіп отырған Шынтемір Бибіні көріп аңырайды да қалды (С. Мұратбеков). Базаралы, Асылбектер Абайдың бай-лауын ұқпай аңтарыла қалды (М. Әуезов). Нұрлан екі қолын артына ұстап, маңқиып тұра берді (З. Шашкин). Аузына сөз түспей, көзі жапақтаған Тобық меңірейіп тұрып қалды (З. Шәкенов).