Аң аулауды сүйетін, соған жан-тәнімен берілген. Үдербай жас күнінен аңсақ еді, Деуші еді жеңгелері «Қара мерген» (О. Шипин). Өзінің аңкөсін қара, — деп баласын қамшының астына алып жүр (Х. Рахимов). Оның дүние-мүлікке көп қызықпайтын, саңлақ хайуантарға ынтық, аңқұмар болатын себебі де осында (Ә. Көшімов). Қасар мерген құм үстінде құмырсқа жорғалап келе жатқанын сыбысынан біле қоятын аңшыл(Ә. Кекілбаев). Аугер аңшылар кәсіп ретінде түлкіні, киік пен қарақұйрықты аулағанда көбінесе бүркіт салатын («Қазақ ССР тарихы»).