Ақ, боз, қылаң

 Сүт пен қардың түсіндей, қарсы мағынасы қара. Боз бен қылаң көбінесе жылқыға қатысты айтылады. Шаңқан өте ақ, тым ақшыл дегенді білдіреді. Жай көзге көрінбейтін жұлдыздардың көбінің түсі ақ, бірақ абайлап қарасаң көгілдір, сарғылт, қызыл түсті жұлдыздар бар екенін оңай көреміз (Х. Әбішев). Қазақтар боз мама бие мен ақ боз атты ай-рықша ардақтайды (М. Ысқақов). Бұның бірі аяңшыл ақжал шабдарға мінген жас бозбала, екіншісі шоқша сақалы бар қылаң мінген жолдасы (М. Әуезов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *