Ақымақ, ақылсыз, бассыз, ойсыз, есер, дәлду, дәлдір, қауқабас

 Са-на-сезімікем, ақылды емес. Егер түзу көрінсе, ойлап-ойлап құлаққа іл. Ақымақ көп, ақылды аз, деме көптін сөзі бұл (Абай). Ақылсыз ақымақтың бір мінезі-өзінің қарамайды шамасына («Ақан сері»). Е, шырағым, бақытсыз елді қашан да бассыздар билейді, ел сорына ол да болыс бола қалыпты (Ә. Әбішев). Оған бұл сұрақ алаңғасарлау, ойсыз адамның сөзі сияқты көрінді (К.Тоқаев). Білмегенді білуге, Есті бала тырысқақ, Есер бала ұрысқақ (Ы. Алтынсарин). Бір байдың болған екен үш баласы, бейне бір қатар өскен қол саласы Кеңжесі ес білмейтін дәлду болып, Ақылды кісі болып екі ағасы (Б. Майлин). Дәлдір менен дананың терезесін бір қара жер теңейді (М. Әлімбаев). Пайғамбар жасынан ассаң да, Құдай ақыл еңдірмеген қауқабас бишара, онан да басының аман қалғанына шүкірлік ет (Қ. Салғарин).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *