Ақыл-білімімен жұртқа танылған ұлы адам. Білгір де білімдар. Баласы Ұлы жүздің Абақ, Тарақ, көтерген ақылгөйге мені балап, Аш бөрідей қаңғыр-ған ақын келсе, Бұл Жамбыл жіберетін сөзбен сабап (Жамбыл). Сонымен енді Абай өз ортасының ақылды ақылшы басшысы бола бастайды (М. Әуезов). Төлеби, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке би-үш данагөйдің өнегелі өмірі, ел қамын жеген адал еңбегі жөніндегі айтар әңгіме аз емес (Н. Назарбаев). Қашанда да дана адам ел билейді, Басшысы дана болса ел гүлдейді (Е. Бердин). Шынында да, мынадай аударманы түсіну үшін Сократтай данышпан болу керек сияқты (Ғ. Мүсірепов). «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға» деп кемеңгер Абай тегін айтпаған (С. Байжанов). Ұлы ойшыл жерлесіміз әл-Фарабидің өмірі туралы оқушыларға мағлұмат берілді («Қазақст. мект.»). Кір жуушының баласына төтеп бере алмасаң, данагөй болғанымыз да құрысын (Ш. Хұсайынов). Қазақ халқының ұлы ақыны Абай өзінің бірталай өленің ат сынына арнады («Қаз. әдеб.»).