Ақсаңдау, солдақтау, шойнаңдау, шойқаңдау, сылту, солтаңдау, шоқаңдау, шойқалаңдау

 Бір аяқтың кемдігінен аяқты тең баса алмау, ақсаң-ақсаң етіп жүру. Оқ тиген теке шаңырақтай мүйізімен басын жерге тұқыртып бір домалап барып қайта тұрды да, ақсаңдай басып жөнеле берді (Ғ. Сланов). Абдолла еппен тұрып сыбдырсыз киінді де, солтақтай басып далаға шығып бара жатты (С. Ғаббасов). Шойнаңдап әрең жүретін Сүлеймен шалқалақтап барып құлап түсті (Б. Мұқаев). Биіктеу жерге желе шығып, мылтығын оқтана берген қарт киіктің шойқаңдаған жүрісіне қарап, ақсақ екенін білді (С. Мұратбеков). Шығыстан соққан жел сылтып басқан жігіттің плащының етегін желпіп тастады (Ә. Сәрсенбаев). Ақсақ, мүгедек Әліпқали солтаңдай басып, түйе соңына зорға еретін (С. Жүнісов). Біләлов балдағына сүйене екі-үш шоқаңдап ілгері ұмтылды да, тоқтай қалды (Ә. Нұршайықов). Әкпар жарды жағалай шойқалаңдап келеді (Ө. Ахметов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *