Ағылу, жөңкілу, жосу, босу, шұбыру, шұбау, шуау

Ағылып бара жату, ерсілі-қарсылы тынымсыз, толассыз жүріп жату, үнемі қозғалыс-қимылда болу. Сол жолмен Қарқаралының қаракесектері қыс бойы ағылып жатады(Ғ. Мұстафин).

Қасқырдан қорыққанқойдай, жекеленіп те, топтанып та жөңкілген жұрт Қызбелдің қыры мен ойына сыймай кетті (С. Мұқанов). Жосыпжүрген машиналар, өте алмай қалған жаяу адамдар жау қолы жақын-даған сайын көбейе бермек (Ғ. Мүсірепов).

Сан мың қазақ өздерінің туып-өскен жерін тастап, шұбырып, Орта Азияға босып кеткен (Б. Бекмаханов).

Қаздың балапанындай шұбырып, балалар мектепке беттеді (С. Сарғасқаев).

Сонда қалың жылқы өз беттерімен бұлардың соңынан шұбай берді («Қаз.ер-тегі.»).

Ымырт жабылғанда арбалы, жаяулы көп адамның Сиголовтың үйіне қарай шуап бара жатқанын көріп қалды (К. Тоқаев).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *