Ағайынды, ағайындас, аталас, әулеттес, бауырлас, қандас, қарындас, туыстас, рулас

Негізінен бір-біріне қыз беріп, қыз алыспайтын туыс-қандық қарым-қатынас. Бір туған ағайынды екі жігіт екі таптың мүддесін қорғайды-суреттің драмалығы да осында (М. Қаратаев). Бәтіштің сонау қыз күнінен сүйген жігіті Айтжан Молдабайларға ағайындас кедей шаруаның баласы (С. Бегалин). Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын (Мақал). Сосын әуелгі кезде әулеттесім ғой деп, оған іш тарта қараған (К. Ахметбеков). Құлақ сал, Балмағамбетов бауырласым, бұл күнде мұндай күй-ге түсті басым (Ш. Иманбаева). Балалардың арасынан жақын достар ғана емес, алты атадан, жеті атадан табысатын қандас туысқандар да табылды (М. Мағауин). Монғолиядағы қарындасқауымның басым көпшілігі таулы жер-лерде негізінен мал бағып күнелтуде («Жұлдыз»). Туыстасадамдар өздерінің үй-жайын бір махаллаға қарайтын етіп салады («Жас Түркістан»). Онсыз да шыбын жанын шүберекке түйіп тұрған Нығметтің руластары өре түрегелді (Б. Момышұлы).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *