Адам бойындағы адамгершілік ізгі қаси-еттер. Өмір сүрген ортадағы жан сезімнің тазалығы. Ар адамның өз тәрті-бін өзі қадағалауына негіз болатын аса маңызды моральдық қасиет, адамгер-шілік фактор (ҚСЭ). Ұждан адамның өз мінез-құлқын бақылау, қадағалау, оған белгілі бір шек қойып мүлтіксіз орындау қабілейтін бейнелейтін этика категориясы (ҚСЭ). Намыс әркім өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортадағы қоғамдық пікірді қорғай алуын қамтамасыз ететін сана-сезімнің дәрежесі («Қаз. әдеб.»). Ұят адамның қоғамдық моральдік принциптерге үйлеспейтін жағымсыз, теріс қылық жасалған кезде байқалатын сезімі («Қаз. әдеб.»). Үйі-нен не көреді шықпаған жан, Өзге озық деген сөздің бәрі оған шам (Ғ. Орманов).