АРҒЫНБАЙ Жұманжанұлы

АРҒЫНБАЙ Жұманжанұлы (1929. Моңғолия, Баян-Өлгий аймағы, Толбоа. -1993. Павлодар обл., Баянауылауд.)-ақын, драматург. ҚазҰУ-ды бітірген (1954). Баян-Өлгий аймағындағы «Шұғыла» әдеби журналының тұңғыш редакторы болған (1955). А-дың «Біздің өлкеде», «Меңдікөл», «Адам туралы аңыз», «Тақпақтар», т.б. өлеңдер жинағы, «Бірлестіктер», «Сандуғаш», «Ертіс шындығы» пъесалары, «Шайқас алдында», «Домбыра сазы» атты кино сценарийлері бар. А. моңғол жазушылары Д.Намдаг, Л.Дүдэв шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ақынның төл шығармалары моңғол, орыс, болғар, алтай тілдерінде жарық көрді. Баян-Өлгий аймағындағы ұлттық мектептерге арналған ондаған оқулықтардың авторы. Моңғолияның «Еңбек Қызыл Ту», «Алтын Жұлдыз» ордендерімен марапатталған. Моңғолия Жазушылар одағының сыйл. иегері (1978).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *