АРНАУ

АРНАУ — әдеби шығарманың басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай оқиғаға байланысты екенін көрсететін, көбінесе,өлең түрінде келетін автордың сөзі. Кейде А-да автордың өз шығармасын белгілі бір адамға ізет-құрмет ретінде арнайтыны айтылады. Кейде жазушы А-ды кімге қаратып айтылғанын анықтамай, сол кісінің өзі ғана түсінетіндей етіп береді. А. әлем халықтары әдебиетінің барлығындадерлік бар. Шығарманы тыңдаушыларға, оқырмандарға А-мен бастау қазақ әдебиетінде де бұрыннан келе жатқан дәстүр. А-дың озық үлгісіне Ж.Аймауытовты «Қартқожа» романының басында берілген мына өлеңді жатқызуға болады: «Ел үшін күйген,Еңбекті сүйген, Ізгі тілек, Ер жүректі, Жұртшылық көсемі -Жалынды жастарға арнаймын».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *