АРАЛАС БУЫНДЫ ӨЛЕҢ

АРАЛАС БУЫНДЫ ӨЛЕҢ — өлең өрнегі. Абайдың «Бай сейілді» сияқты өлеңдерінен бастап орныққан төрт буынды тармақпен жеті-сегіз буынды тармақтар араласып келуі осы өлең үлгісіне жатады. Сондай-ақ, Абайдың «Сегіз аяқ»,»Сен мені не етесің» атты өлеңдерінде қолданылатын күрделі өлең өрнегі де аралас буынды болып келеді. Осындай ұзынды-қысқалы тармақтар араласып келетін өлең өрнегін, басқа да көптеген ақындардың туындыларынан кездестіреміз. Кейде бір өлеңде екі түрлі қалыптасқан өлшемді, айталық, жеті буынды тармақтар мен он бір буынды тармақтарды араластырып қолдану да кездеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *