Араздастыру, жауластыру, жауығу, өшіктіру, өштестіру, кектен-діру, қастастыру, атыстыру, шағыстыру, жауықтыру, шоқ-шоқ

 Екі адамды немесе екі елді бір-біріне айдап салып, араларына от салу, араз қылу. Тату елді әдейі орталарына от салып, араздастырып, ушықтырып, біріне-бі-рін жау қылып көрсететін болған (М. Әуезов). Ар-ұяттан безген бұл сұм Бұ-қар әмірі мен Отырар хандығын жауластыруға келді (Ш. Хұсайынов). Менімен арасын әбден ашып, қарадай жауығып жүрген түрі өзіңізге аян (З. Жәкенов). Опасыз сатқындардың көмегімен ұсақ ұлттарды бір-біріне айдап салып, өшіктіруге күш салды (Ә. Әлімжанов). Балалардың ешқайсысы «осы-ларды татуластырайық, не одан сайын өштестіре түсейік» деп, арамызға түспей, өз жайымызға қалдырды (А. Жақсыбаев). Өзіне күні кеше атарман-шабарман болып жүрген жігіттің әкімдер жағына шығып кетуі Бұрыкеңді қатты кектендірген (Ә. Көшімов). Қоймас деп қастастырсақ бірімізді, Қо-рыққаннан Қануж ханға қашты Арқап (Т. Ізтілеуов). Жантас біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу (Б. Соқпақбаев). Өтірік айтып, сол антұр-ғаның екеумізді әдейі шағыстырып жүр (Б. Нұржекеев). Бір рулы елді жау-ықтырып соңына салсаң да, оны өзіңе қарсы қоя көрмегейсің (Ә. Нұрпей-ісов). «Іші кеуіп өлген малды танымағансуын қарашы» деп өзіне шоқ-шоқдеп тұрған көршісін шал одан сайын жек көрді (Ұ. Доспанбетов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *