Таңдану, таңырқау мағынасында айтылатын одағай сөз. «Апыр-ай, қазақта да мұн-дай мүлік болады екен!» — деп, аузын ашып, көзін жұмады (С. Мұқанов). Апыр-ау, қандай жауап берсем екен, өмірдің мынау қатаң сұрағына? (Ә. Сәрсенбаев). Жаңа туған жарық ай, Сәулесі қандай апырым-ай! (Б. Майлин). Апырым-ау, құдайдың тапа-тал түсінде ауылды аралап жүруші мұның қай жүректігі екен (О. Сәрсенбаев). Ойпыр-ай, талай-талай мылжыңдарды көріп ем, мынау бір нағыз түйсіксіз мылжың екен (С. Адамбеков).Ойпырым-ай, мына сорлы тағы да ішіп алған екен ғой (А. Сейдімбеков). Ойпырым-ау, қарындас-ау, мынау шынымен Бекайдардың жүзігі ғой (Ж. Молдағалиев). Екеуміздің соғысқанымыз жаудың бір бөлігі болу керек, тіпті япыр-ай, қатар тұрғанымызды қарашы (Б. Момышұлы). Япыр-ау, сенейін бе, сенбейін бе?-деп, Әміртай шешесіне бір, Ақтоқтыға бір қарады (Б. Тоғысбаев). Япырым-ай, бірдеме болмаса игі еді, келер уақыты асып кетті (І. Есенберлин). Көрін-генге деймін-ау, бүгін дос, ертең жау, мен не қылдым, япырым-ау (Абай).