Анасындай жасы үлкен әйелге жалынып-жалбарынғанда, құрмет тұтқанда айтылатын қаратпа сөз. Әкем жазған күнделікті берді апекем (Қ. Ыдырысов). Апажан, мүлде жа-дыра, Өткенге қапа болмастан (Д. Әбілов). Жалғыз баласы болғандықтан, әкем де, апатайым да мені қатты сағынады (Б. Тоқтаров). Апашым да жұрт-тың Баршагүлді мақтаған сөздеріне үнін қосып жатты (Ғ. Сланов). Самал сол апайының үйіне қонаққа барды (З. Жәкенов).