Алқам-салқам, алқа-салқа, алым-салым

 Жинақы емес, салдыр-салақ, ашылып-шашылған, олпы-солпы. Ол екі беті қып-қызыл, киімі алқам-салқам, тәпелтек, жұп-жуан сығыр көз келіншекті нұсқады (М. Иманжанов). Қымыздың мол уақытында ұйқысы қанып тұрғаннан, кешке дейін алқа-салқа болып қыдырып қымыз аулауда (С. Сейфуллин). Жат елге алым-салым боп жұтап бармасын деп берген еді ол (Б. Соқпақбаев).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *